ПРЕСС-РЕЛИЗ
В Астане наградили победителей национальных премий «Тұмар» и «Үркер»
В Астане в рамках юбилейной медиа-недели Astana Media Week 2026 состоялась церемония награждения победителей национальных премий «Тұмар» и «Үркер». В этом году они впервые объединились под единым брендом Qazaqstan Media Awards.
Церемония объединила представителей отечественной медиаиндустрии, журналистов, редакторов, телеведущих и творческие коллективы со всей страны.
В этом году на участие в конкурсе по 12 номинациям поступили заявки от более чем 600 журналистов. На соискание премий были представлены работы в сфере телевизионной, печатной, радио- и интернет-журналистики.
Впервые в рамках премий учреждена номинация «Будущее журналистики: лучший проект в сфере искусственного интеллекта», отражающая развитие новых технологий и форматов в медиасфере.
Победителей определило независимое жюри, в состав которого вошли известные журналисты, представители медиаиндустрии и отраслевые эксперты.
Национальные премии «Тұмар» и «Үркер» учреждены в 2017 году по инициативе Министерства культуры и информации Республики Казахстан. Премия «Тұмар» направлена на поддержку и развитие отечественного телевидения, а «Үркер» отмечает достижения в области печатной, радио- и интернет-журналистики.
Победители национальной телевизионной премии «Тұмар — 2026»
- Лучший телеведущий — Вероника Вишневская, Первый канал «Евразия»
- Лучший документальный проект — 24KZ, «4739»
- Лучший телевизионный материал — Qazaqstan, «Қарқынды құрылыс»
- Лучший социальный проект — Jibek Joly, «Правда в деталях»
- Лучший телесериал — Астана TV, «Ауыл бапкері»
- Лучшая информационно-аналитическая программа — 7-й канал, «Новости»
Победители национальной премии «Үркер — 2026»
- Лучший журналист года — Жанар Сердалина
- Лучший радиопроект — Қазақ радиосы, программа «Ойтұма»
- Будущее журналистики: лучший проект в сфере искусственного интеллекта — Altainews Media Centre, «AI-ЖАН»
- Лучший медиапроект — Tengrinews, Tengri TV
- Лучший материал года — Мирамгүл Рахатқызы, газета «Ақтөбе», «Жасанды интеллект: адамзат жаңа дәуірге аяқ басты»
- Лучший аналитический материал — Лаура Тусупбекова, газета «Казахстанская правда», «Моя ДНК — наше богатство»
Специальные призы Qazaqstan Media Awards — 2026
- Телерадиокомплекс Президента — к 30-летию
- Информбюро — к 30-летию
В этом году спонсорскую поддержку оказали АО «Агентство «Хабар», АО «РТРК «Қазақстан», ТОО «Евразия+ОРТ», АО «Қазтелерадио», ТОО «Управляющая компания «Қазмедиа орталығы», АО «Qazcontent», ТОО «Телевидение г.Астана», ТОО «Телекомпания «ЭРА», ТОО «Alacast», ТОО «Спортивное телевидение», Ғалам ТВ, Отау ТВ и Арғымақ.
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды
Астанада Astana Media Week 2026 мерейтойлық медиа апталығы аясында «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл қос сыйлық алғаш рет Qazaqstan Media Awards ортақ атауымен табысталды.
Салтанатты іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен отандық медиа саласының өкілдері, журналистер, редакторлар, тележүргізушілер мен шығармашылық ұжымдар қатысты.
Биыл байқаудың 12 номинациясы бойынша 600-ден астам өтінім түсті. Сыйлыққа телевизия, баспасөз, радио және интернет журналистикасы саласындағы жұмыстар қабылданды.
Осы жылы заманауи медиатехнологиялар мен журналистиканың жаңа форматтарын дамытуға айрықша назар аударылды. Алғаш рет «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба» номинациясы енгізілді.
Жеңімпаздарды белгілі журналистер, медиа саласының өкілдері мен сала сарапшыларынан құралған тәуелсіз қазылар алқасы анықтады.
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтары 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен тағайындалған. «Тұмар» сыйлығы отандық телевизияны қолдауға және дамытуға бағытталса, «Үркер» баспасөз, радио және интернет журналистикасындағы жетістіктер үшін беріледі.
«Тұмар – 2026» ұлттық телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары
- Үздік тележүргізуші – Вероника Вишневская, «Еуразия» бірінші арнасы
- Үздік деректі жоба – 24KZ, «4739»
- Үздік телевизиялық материал – Qazaqstan, «Қарқынды құрылыс»
- Үздік әлеуметтік жоба – Jibek Joly, «Правда в деталях»
- Үздік телехикая – Астана TV, «Ауыл бапкері»
- Үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама – 7-арна, «Новости»
«Үркер – 2026» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары
- Жылдың үздік журналисі – Жанар Сердалина
- Үздік радиожоба – Қазақ радиосы, «Ойтұма» бағдарламасы
- Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба – Altainews Media Centre, «AI-ЖАН»
- Үздік медиажоба – Tengrinews, Tengri TV
- Жылдың үздік материалы – Мирамгүл Рахатқызы, «Ақтөбе» газеті, «Жасанды интеллект: адамзат жаңа дәуірге аяқ басты»
- Үздік талдамалық материал – Лаура Тусупбекова, «Казахстанская правда» газеті, «Моя ДНК – наше богатство»
Qazaqstan Media Awards – 2026 арнайы сыйлықтары
- Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені – 30 жыл
- Информбюро – 30 жыл
Осы жылы демеушілік қолдауды «Хабар» Агенттігі» АҚ, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Еуразия+ОРТ» ЖШС, «Қазтелерадио» АҚ, «Қазмедиа орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС, «Qazcontent» АҚ, «Телевидение г.Астана» ЖШС, «ЭРА» телекомпаниясы» ЖШС, «Alacast» ЖШС, «Спортивное телевидение» ЖШС, Ғалам ТВ, Отау ТВ және Арғымақ көрсетті.